30.05.2024, 20:00
Оқылды: 41

БҚО-да республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтеді

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!

InShot_20240530_194158990

Туған өлкеміздің тазалығы – барлығымызға ортақ іс. Облысымызды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарға ат салысу – әрбір тұрғынның міндеті.

Туған жеріміздің тазалығы – болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығының кепілі.

Осы орайда, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуді ұйымдастыру, әр өңірде жыл соңына дейін абаттандыру мен санитарлық-гигиеналық шараларды қамтитын іс-шаралар жоспарын бекіту туралы тапсырмасына сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары жасақталды. Мемлекеттік мекемелер облысымыздың тұрғындарымен бірлесіп, ауыл-аймақ, аудан, қала, облыс көлемінде елдімекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру бойынша жұмыстарға белсене атсалысып, бірқатар жұмыстар атқаруда.

Аталған акцияның мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау болғандықтан, барлық облыс тұрғындарын осы акция шеңберінде 2024 жылғы 31 мамырда өткізілетін сенбілікке белсене қатысып, еліміздің көркейіп, дамуына өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймыз.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале