Бүгінгі таңда Орал қаласында эвапункттерде 2299 адам тұрып жатыр, олардың 978-і балалар.
“Балаларды қорғау күні” қарсаңында Орал қалалық мәслихат депутаты, “Приоритет” жол-құрылыс компаниясының директоры Жанна Кенжина мен "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы “Әйелдер қанатының”жетекшісі Гауһар Шайхиниязова А. Иманов атындағы жол-құрылыс колледждегі эвапунктте тұрып жатқан балаларды құттықтауға барды.
“Аманат” партиясының “Бақытты бала” жобасы аясында ұйымдастырылған шараға 40-тан аса бала қуана-қуана қатысты. Шара барысында көңілді ойындар ойнатылып, сыйлыққа кітаптар мен тәттілер үлестірді.
Айта кетейік бұл жердегі эвапунктте 128 тұрғын болса, оның 43-і балалар.
Ақмоншақ Жұмаева,
“Приоритет” жол-құрылыс компаниясының баспасөз хатшысы