3.06.2024, 15:15
Оқылды: 79

Елде алдағы күндері 40 градусқа дейін күн ысиды

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орал

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, жел күшейеді.

«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: еліміздің батысында +30+39 градусқа дейін, солтүстік-батыста +25+35 градуасқа дейін, солтүстікте +23+30 градусқа дейін, орталықта, шығыста +25+33 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28+35 градусқа дейін», - деп жазылған хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале