4.06.2024, 12:15
Оқылды: 39

Бөрлі ауданы: тұрғындарға 66 үй сатып алынады

Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 66 отбасыға баспана сатып алынуда. Соның ішінде 50 отбасы пәтерлеріне қоныс аудардыҚалған 16 тұрғын жақын уақытта өздері саудаласқан үйлеріне көшеді.

5E1A210C-000D-4C05-A430-D546866865E2

– Су тасқыны салдарынан Пугачев ауылындағы үйіміз жарамсыз болып қалды. Комиссияның қорытындысы бойынша Ақсай қаласынан пәтер сатып алуға келістік. Көпқабатты үйден төрт бөлмелі пәтерге кіріп отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Көшіп келгенімізге үш күн болды. Дер кезінде қолдау көрсеткені үшін бірінші кезекте Президентімізге алғыс білдіре­міз, - деді көпбалалы ана Ләйла Жұмағалиева.

Ләйла Пугачев ауылындағы модельдік кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарады. Бес баланың анасы. Күйеуі аудандық мәдениет үйінде жарық беруші болып қызмет етеді. «27 наурыз күні тасқын кезінде үйімізді су басты. Ауыл әкімдігі бірден көмектесті. Көрші ауылда эвакуациялық қосын бар екенін айтты. Біз Ақсай қаласындағы туыстарымыздың үйіне бардық», - деді Ләйла  Жұмағалиева.

Аудан орталығына көшіп келгендердің біріЗәуреш Әбішева. 1996 жылдан бері Ақсу ауылында тұ­рады. Ауыл мек­тебінде педагог-психолог болып  еңбекетуде. Ол тасқын кезінде  үйі суға кеткен  кездегі жағдай­ды баяндады. «Өң мен түстегідей өте  шықты. Бұрын мұндай жағдайды көр­мегенбіз. Үй ішіне су толып, трактормен  алып кетті. Құжатты алып үлгердік.

Қиын кезеңде халықтың көмегі зор  болды. Өзбекстаннан да гуманитарлық жүк келіп жатты», - дейді ол.

82F419C0-AF6D-4FD8-B466-EDD1379540DD

Жолдасы екеуі зейнет жасына таяп қалған соң аудан орталығына көшуді ұйғарады. Біраз уақыт іздеген соң Ақсай қаласынан екі бөлмелі пәтер сатып алды. Ауылдағы мал-мүлік, баспана суға кеткен. Аудан әкімдігі мал шығынын толтыруға өтемақы төлеген. Жиһаз үшінотбасына 470 мың теңге берген. «Пәтердің орналасқан жері ұнайды. Емхана, дүкендер  жақын. Ақсу ауылынақатынап, мектептегі қызметімді жалғастыра беремін», - дейді З. Әбішева.

Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсановтың айтуынша, аудан орталығына көбіне зейнет жасындағы адамдар көшіп келуде. Олардың көбі дәрігерлер көмегіне мұқтаж болғасын, қала  емханаларынан сапалы ем алуды қалайды  екен.

Шыңғырлау өзенінің тасуы себебінен аудан бойынша жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйді қалпына келтіру үшін бағалау жұмысын жүргізуге 393 өтініш түсті. Барлығы да қаралып, комиссия шешімі шығарылды. Техникалық сараптаманың қорытындысы бойынша 126 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Әр үй иесімен сөйлесіп, қолданыстағы ережеге сай типтік жоба бойынша үйсалуды немесе аудан көлемінен пәтер сатып алуды ұсындық. 66 отбасы үй сатып алуға өтініш берді. Келісімшарт бойынша «Ақжайық» қоры арқылы қаражат аударып жатырмыз. Бүгінге дейін 234 отбасыға баспанасын жөндеу үшін  391 миллион теңге төледік. Үй иелері алты ай ішінде комиссияға баспанасын қалыпқа келтіргені жөнінде есеп береді, - деді аудан әкімі.

Бөрлі ауданы бойынша 60 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, әр үйдің ауданы 80 шаршы метр болады. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына дүние-мүлік үшін 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Бүгінде аудан бойынша тұрмыстық заттар мен жиһаздардың шығынын өтеуге 168 от­басыға 63 млн теңге көлемінде қаржы төленді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы аясында қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 401 үй салынып жатыр.

Теректі ауданында – 5, Бәйтерек ауданында 2 үй сатып алынды. Ал Орал қаласындағы жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп таныл­ған саяжай тұрғындарына үйлер сатып  алу немесе жаңадан салу бойынша жұмыстар  басталды.

Нұртай Алтайұлы

Ақсай қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале