4.06.2024, 11:30
Оқылды: 158

БҚО-да Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Дәл қазір Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара өтіп жатыр.

470BB664-F1C7-43AA-A549-93280D9230C1

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік гимні орындалып, Мемлекеттік туы көтерілді.

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов халықты мерекемен құттықтады.

39394CEC-059A-461A-B7E7-79719C7D0A12

– Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1992 жылы 4 маусымда еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілді. Халықаралық деңгейде мойындалды. Байрағымыз БҰҰ-ның төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, Гимнімізді шырқатты. Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны, бабаларымыздың арманы және ажырамас бөлігі.

Президентіміз ұлттық бірегейлігімізді әлемде дәлелдейтін екі факторды атап өтті. Ол - біздің Көк төлқұжатымыз бен Көк байрағымыз. Көк тудың астында бірігіп, бір ұлт болып ұйысуға шақырды.

«Бірлік бар жерде тірлік бар!» деген қазақтың дана сөзі осындайда айтылса керек. Кешегі 100 жылда бір қайталанатын, су тасқынымен күресуде Қазақстанның түпкір-түпкірінен автокөліктер мен азаматтар өз еріктерімен келіп, үлес қосты. Халқымыздың ерен еңбегі мен бірлігінің арқасында 84 елді мекен су апатынан аман қалды.

Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Сондықтан Батыс Қазақстан облысы Нариман Төреғалиевтің атынан су тасқынына қарсы күресте үлес қосқан азаматтарға алғыс айтамын.

Еліміз аман, жұртымыз болсын! - деді Бақытжан Хаберұлы.

BF388508-5C68-43B1-AAD9-C0D242DF34E4

Әкім орынбасары су тасқынына байланысты төтенше жағдай уақытында ел үшін аянбай еңбек еткен бір топ азаматты марапаттады.

Олардың арасында ЖОО-ның ректорлары және еріктілер бар.

23F9BEEB-60FC-4FD8-95B1-DBB1B3832821

F1CEC525-B446-4B31-9C42-AE25F77BBA3E

15671A3A-C2EC-4EE3-A9AE-D6C6553AAA6B
8AEC1F4E-AA16-4CB1-8BF3-0B3A39D48799
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале