4.06.2024, 18:15
Оқылды: 37

Су тасқыны: Оралда тұрғындарға жаңа пәтерлер беріліп жатыр

Баспанасын су басқан тұрғындарға жаңа пәтер беріле бастады. Бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев облыс орталығындағы Циолковский көшесінің бойында орналасқан(1 корпус), 1 (2 корпус), 1 (4 корпус) мекенжайларындағы су жаңа пәтерлерге барып, баспана иелерін құттықтады.

F9A800FA-AF84-40C5-B0FD-EFA09E6C175E

– Төтенше жағдай кезінде баспанасыз қалған тұрғындар уақытша қосындарды паналады. Жалпы саны 52 жаңа пәтер су тасқынының салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған тұрғындарға берілді. Тұрғындар бекітілген ережеге сәйкес екінші нарықтағы үйлерді де өздерінің қалауы бойынша ұсына алады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына байланысты табиғи апаттан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Комиссияның қазіргі таңдағы шешіміне орай 3 000-ға жуық пәтер сатып алуымыз керек. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеруі де мүмкін, - деді Жандос Асхатұлы.

371ACBFC-59E1-44AA-9FCB-D4F654A01726

Өз кезегінде Жарас Тілегенов, Рита Ералиева секілді қала тұрғындары алғыс жаудырып, жаңа үйге қол жеткізіп жатқандарына қуанышты екендерін, қиын күндердің артта қалғанын айтты.

A6167705-B591-41CC-84CD-767BC5BC0D42

Бізге үш бөлмелі жаңа үй берілді. Баспанамыз облыс орталығының аумағындағы екінші саяжайда болатын. Оның жалпы аумағы 156 кв.м құрады. Ол үйді еңбек етіп, өзіміз салдық. Өкінішке орай, суға кетті. Осы уақытқа дейін эвакопунктте тұрдық. Мемлекет басшысына көп-көп рахмет! Ол тасқыннан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтқан болатын. Мемлекет бізді далада қалдырмады. Президент уәдесін орындап, бүгін, міне, баспаналы болып жатырмыз. Қуаныштымыз. Алғысымыз шексіз. Менің төрт балам бар. Құрылыс саласында жұмыс істеймін, - деді қала тұрғыны Ризабек Айтқалиев.

Марлен Ғилымхан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале