6.06.2024, 15:45
Оқылды: 36

Теректілік озат оқушылар марапатталды

Орал қаласындағы «Салтанат» сарайында «Ақжайық жас дарыны – 2024» облыстық форумы өтті. Дәстүрге айналған форумда 2023-2024 оқу жылында халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі оралған өңірдің бір топ оқушысы алғысқа бөленді.

0F6D35C9-A030-4979-8FB4-F204235AEC6C

 

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева қатысып, оқушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ білім аламанында алдына қара салмаған жүйріктерді марапаттап, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхатын, 60 мың теңгелік ақшалай сертификат табыстады. Өңір басшысының қолдауына ие болғандардың ішінде ауданымыздың озат оқушылары бар.

Атап айтсақ, Шағатай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі, республикалық ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың 3-орын иегері Дәурен Темірболат, Ақжайық мектебінің 9-сынып оқушысы, аталмыш олимпиаданың география пәні бойынша 1-орын иегері Айым Балғынбай, Ақсуат мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы, республикалық олимпиаданың екі дүркін 2-орын иегері Әбдірахман Орынбасар ортадан табылды. Аталған мектептің директорлары Айгүл Ахметқалиева, Шолпан Какижанова мен Ерлан Жұбаниязов, жетекшілері Гүлнара Жұбанышова, Жадыра Сайынова, Бейбігүл Бейсембаева білімді шәкірт тәрбиелеу жолында Нариман Төреғалиұлының алғысхатын алды.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале