6.06.2024, 17:15
Оқылды: 126

БҚО-да денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

778978B7-8027-4AAA-B6A8-5A9B4E1D3F3A

Мадияр Амангелдіұлы Өтешев – 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білім – жоғары. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің «Дәрігер-хирург» мамандығы бойынша интернатурадан өткен. Іскер әкімшілік басқарудың магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2004 жылы Жалпақтал ауруханасының дәрігер-хирургі болып бастады.

2005-2011 жылдар аралығында Теректі орталықтандырылған аудандық ауруханасының хирургі болып еңбек етті.

2011-2017 жылдары Теректі орталықтандырылған аудандық ауруханасының директоры болды.

2017 жылғы шілдеден 2019 жылғы шілдеге дейін Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының лауазымын атқарды.

2019 жылдан бастап бүгінге дейін облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының лауазымын атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале