Ресейдің Омбы қаласында көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды, деп жазады Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Алғашқы жарыс күнінде топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыстан қола жүлдегер атанды. Бұл сында алтынды Ресей, күмісті Беларусь құрамалары иеленген.
Айта кетелік, халықаралық турнирде топтық жаттығудан бөлек, Милана Парфилова, Зере Бақытжанқызы, Рабия Аманқос және Надия Қанапияның өнерін тамашалаймыз.