Оралда 23 маусым – Полиция қызметкерлері күніне орай құқықтық тәртіп органдарының ардагерлері арасында волейболдан чемпионат өтті. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сайыстың басты мақсаты – ардагерлердің дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Ардагерлер арасында жыл сайын өткізілетін сайысқа биылғы жылы да барлық құқық қорғау органының ардагерлері белсенді қатысып, командаларының жеңісі үшін барын салды.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды БҚО полиция департаментінің ардагерлері иеленсе, екінші орыншы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлерінен құралған команда қанжығаларына байлады. Ал үшінші орынды Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің ардагерлерінен құралған команда қанағат тұтты.
Турнир жеңімпаздарына кубок, медаль және бағалы сыйлықтар берілді», - деді баспасөз қызметінен.