11.06.2024, 14:45
Оқылды: 81

Бөкей ордасында округ әкімдерінің жиыны өтті

Бөкей ордасы ауданы әкімінің у.м.а Біржан Меңешовтің төрағалығымен округ әкімдерінің басын қосқан жиын өтті. 

67928185-626F-4450-A9E7-B6B48B504DDB

Бірден айталық, күн тәртібіндегі бірден-бір өткір мәселе мал азығына қатысты болды.

– Өткен жылы мал азығын дайындау қиын болды дедік. Ал, биыл былтырғыдан да күрделі болатын түрі бар. Былтыр шаруаларымызда өткен жылдан қалған шөп қоры болды. Дәл қазір басымдықты осы мәселеге бергеніміз жөн. Күнбе-күн  шабындық мәліметі жинақталсын. Қай қожалық шөп шапты, жеке тұрғындардан кім шөп сатып алды, оның қолында қанша малы бар, тағысын тағы мәліметтер толыққанды жинақталуы керек. Шабындық мәселесін шешуде әскери полигон басшылығымен кездесіп, аумағын шабындыққа пайдалану мәселесі шешілді. Жер тек өзіне ғана қор жинамай, жеке тұрғындарды қамтамасыз етуді мойнына алған шаруаларға беріледі. Есеп нақты, шынайы болуы керек. Шама-шамадан аспайды деп сүйкей салған есеппен қысқы мал азығы мәселесін ушықтырып аламыз. Осыны ескеріңіз, - деді Біржан Нұрланұлы.

B3B1169D-91A8-4C2B-A980-089CFB87080B

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандары Серік Айтқалиев мал азығына қатысты есеп турасында, Ерлан Нүркенов «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қаржының игерілуі туралы хабарлама жасаса,  Талғат Әбдірешов жеңілдікпен берілетін жағармайға және ауылшаруашылық техникаларын байқаудан өткізуге қатысты хабарлама жасады.

Аудандық статистика басқармасының басшысы Тілеген Кадимов статистикалық есеп тапсырудағы жаңадан қабылданған заңдылықтар мен статистикалық есеп ұсынудағы қателіктер бойынша баяндама жасады.

Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале