Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501.
Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.
Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.