17.06.2024, 15:16
Оқылды: 74

Астана-Сеул рейстері қайта жанданды

Air Astana Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданғанын хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

B47B6A26-9164-45EF-B27C-885169262984

Фото: Air Astana

Алғашқы рейс бүгін, 15 маусым күні сағат 19:55-те Астана халықаралық әуежайынан Инчхон халықаралық әуежайына орындалды.

«Бас қалалар арасындағы әуе қатынасы алғаш рет 2015 жылы іске қосылды. Бірақ жаһандық пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Маршруттың қайта жандануы Оңтүстік Корея президентінің осы аптада Қазақстанға ресми сапарымен тұспа-тұс келіп, елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту үшін осы бағыттың нақтылығын көрсетеді», - деді компаниядан.

Астанадан Сеулға рейстер Airbus A321LR ұшағымен сәрсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалады және Алматыдан Сеулге 2003 жылдан бері орындалып келе жатқан күнделікті рейстерді толықтырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале