17.06.2024, 16:30
Оқылды: 80

400-ден астам құрылыс жобасы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында сараптамадан өтті – министрлік

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырыла бастағаннан бері 432 жоба бойынша оң қорытынды берілді (2024 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша). Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

8663A90D-C146-4E06-883A-711BC8304D5B

Фото: pixabay.com

Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.

Ақмола – 32, Ақтөбе – 14, Алматы - 18, Атырау – 15, Жамбыл – 9, Батыс Қазақстан-32, Қарағанды – 57, Қостанай – 19, Қызылорда – 11, Маңғыстау – 3, Абай – 64, Жетісу – 50, Ұлытау – 6, Павлодар – 28, Солтүстік Қазақстан-36, Түркістан – 36 құрылыс жобаласы оң қорытынды алды.

Жұмыста 59 жоба бар, оның ішінде Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Павлодар және Түркістан облыстарында нысандар салу бойынша жобалар бар.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық жобаның мақсаты - ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру. Ұлттық жобаның бірінші міндеті Ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық жобаның бірінші міндеті аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 655 МСАК нысандарын салу жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале