18.06.2024, 17:30
Оқылды: 205

Оралда «Асыл мұра» этно лагері жұмыс істейді

Орал қаласының № 29 мектебінде былтыр алғашқы рет «Асыл мұра» этно лагері жұмысын бастады. Бұл үрдіс биыл да жалғасты.

этнолагерь (1)

Мұнда қала балалары салт-дәстүрмен танысып, қой қырқып, атқа отырып, ұршық иіріп, ши тоқып, құрт істеп үйренеді. Бірер сәт ауыл тіршілігін көріп, демалады. Жас ерекшеліктері де әр түрлі. Мектептің ауласына киіз үй тігіліп, безендірілген.

- Этно лагерьді былтырдан бері ұйымдастырып келеміз. Былтыр балалардың қызығушылығы жақсы болды. Мақсатымыз ауыл өмірімен таныстырып, ұлттық құндылықты дәріптеу. Бір ерекшелігі ата-аналар, ауыл үлкендері де атсалысып білген-көргендерін үйретеді. Ұрпақ сабақтастығын жалғаймыз. Лагерьде мектебіміздің балалары өткен 10 күн болды. Алдағы 10 күнде қала мектептерінің шамамен 500 оқушысын қамтимыз деген ойдамыз. Лагерьдің он күнге жоспары бар. Балалармен алты тәрбиеші жұмыстанып жатыр. Бүгін қаладағы №12 мектептің 40 оқушысына экскурсия өткіздік. Олардың арасында су тасқынынан зардап көрген отбасылардың балалары да бар. Этно лагерь 28 маусымға дейін жалғасады, - дейді Деркөл кентіне қарасты Ынтымақ ауылында орналасқан №29 мектептің директоры Гүлдана Оразақаева.

этнолагерь (2)

БҚО білім бақсармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, биыл жазда бос уақытты ұйымдастырудың әр түрлі бағыты бойынша 1-10 сыныпта оқитын 105 935 оқушы қамтылады.

этнолагерь (3)

Өңірде түрлі бағыттағы 618 лагерь жұмыс істейді. Ал «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 829 оқушыға тегін демалу үшін квота берілген.

Дәл қазір облыста 417 лагерьде балалар демалып жатыр. Оның тозығы қала сыртында орналасқан.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале