Қаланың Жұлдыз шағынауданында, Зашаған және Деркөл кенттерінде жалғыз баспанасын су басқан отбасыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Аталған үйлерді 29 жергілікті құрылыс мекемелері салып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі жазды.
Суреттер: видеодан скриншот
Бұл тұрғын үйлерді су тасқынынан зардап шеккен көпбалалы, құрамында мүгедектігі бар отбасыларға және өзге де категориялар бойынша беру жоспарланған.
Сондай-ақ Оралда саяжай тұрғындары үшін нарықта бар пәтерлерді сатып алу жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде 600-дей пәтердің құжаттары рәсімделген.
Жоғарыда аталған тұрғын үйлердің құрылысын қыркүйек айына дейін бітіру көзделген. Сонымен қатар үйлерге инженерлік желілерді тарту, жол салу жұмысы да қоса атқарылады.