20.06.2024, 12:45
Оқылды: 256

Бәйтерек ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй берілді

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округіндегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй берілді. Үйде күнделікті өмірге қажет барлық қажетті зат та бар.

IMG-20240619-WA0215
Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов су тасқынынан зардап шеккен үш отбасына үй кілтін табыстап, сондай-ақ Мемлекет басшысының үндеуін қолдаған кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

IMG-20240619-WA0206
- Су тасқыны кезінде 27 тұрғын үй зардап шексе, оның үшеуі апатты деп танылды. Біз жергілікті тұрғындарға Мичурин және Зеленое ауылдарынан үй таңдауға мүмкіндік бердік. Олар өздеріне ұнайтын үйлерді таңдап, «Ақжайық» қорының қолдауымен жергілікті тұрғындар үшін үш үй сатып алынды. Қалған үйлерде бағалау жүргізіліп, жөндеу үшін қаражат берілді. Қазір отбасылар жөндеу жүргізіп жатыр. Көп үйде қабырғалары жарылып, едендері бүлінген. Жарамсыз жиһаздарға да қосымша баға берілді. Сондай-ақ оларға 150 АЕК-ке дейін ақша төленеді. Ауыл аймағында негізінен Шаған өзенінің жайылмасында орналасқан саяжай массивтері зардап шекті. Қазір бұл мәселелер шешіліп, зардап шеккендердің барлығына аудан әкімдігінің бюджеті есебінен төлем аударылды, - деді Максим Болатұлы.

zhaikpress.kz

Фото: «Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

IMG-20240619-WA0208 IMG-20240619-WA0219 IMG-20240619-WA0211 IMG-20240619-WA0220

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале