20.06.2024, 12:30
Оқылды: 185

БҚО-да табиғат қорғаушыларына 32 трактордың кілті табысталды

Бүгін өңір басшысы Нариман Төреғалиев облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекеме ұжымдарына МТЗ-1222, МТЗ-920 ныспылы жалпы саны 32 трактордың кілтін табыстады.

C5AD445A-CB83-4324-949D-02A7992CF185

Суреттерді түсірген: Мәди Салық

Салтанатты іс-шара Орал қаласындағы айналма тас жол бойында орналасқан «НефТэк» жанармай құю бекетінің маңында өтті.

– Орман – елдің экологиялық қоры, баға жетпес байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтау – парызымыз. Орман шаруашылығын дамытудың маңызы зор. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тал егу, орманды алқаптарды ұлғайту ісіне жіті назар аудару қажеттігін атап өткен болатын. Президент табиғатты, оның ішінде орманды қорғау – маңызды іс екенін айтты. Мемлекет басшысының 2020 жылғы жолдауында көрсетілген –  мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард түп тал-терек отырғызу туралы тапсырмасы облысымызда ойдағыдай орындалуда. 2021-2025 жылдарға арналған «БҚО-да ормандарды толықтыру және орман өсірудің кешенді жоспары» бекітіліп, соған сәйкес 15096 га аумаққа орман дақылдарын отырғызу жұмыстары жүзеге асырылуда, - деді Нариман Төреғалиұлы.

AA0545EA-D8E7-41E9-8386-F368D011FBB2

Өз кезегінде орман шаруашылығының ардагері, «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі медалінің иегері, осы салада 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарған Әбілқасым Беркімбаев экологияны дамыту, табиғатты көркейту мақсатында атқаралып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, жаңа техникалардың облыстағы орман шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізітініне сенім білдірді. Оған қоса көліктің саны артып, техникалардың жаңарып жатқанына қуанышты екенін, айлықтың көтерілгенін, мамандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті.

084F45A2-7E1F-4C03-B190-02616B2D24CF

– Жұмысты уақтылы әрі сапалы жүргізіп, өрттің алдын алу үшін мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға тиіспіз. Қазіргі таңда облыстағы орман шаруашылығы саласында 69 трактор бар. Оның 26-сы ескірген. Норматив бойынша 171 трактор болуы қажет. Осыған орай арнайы техникалар мен қажетті жабдықтарды сатып алуға былтыр облыстық бюджеттен 1 млрд. 262 млн. теңге қаражат бөлінді. Өткен жылы түрлі маркілі 26 трактор, 15 патрульдік көлік және 129 техникалық құрал-жабдық сатып алынды. Осы жұмыс биыл да жалғасын тапты. 2024 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы 931 млн. теңгені құрап отыр. Осы қаржыға су жаңа 32 трактор және 1 патрульдік көлік сатып алынды. Көп кешікпей бұлардың қатары 2 өрт сөндіру көлігімен, 27 мотоциклмен толығады. 10 бейнекамерадан тұратын орман өрттерін ерте анықтау жүйесін (орман мониторингіне арналған бағдарламалық-аппараттық кешен) алуға облыс бюджетінен 48 млн. теңге бөлінгенін де айта кетейін. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Нариман Төреғалиұлы.

Марлен Ғилымхан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале