21.06.2024, 10:15
Оқылды: 231

Казталов ауданы: төрт ауылдағы жасыл алаңға жөндеу жүргізілді

Жасыл алаң, теңбіл доп. Спорт сүйер қауымның көп жиналатын жері. Әсіресе, жазғы демалыс басталысымен қарадомалақтардың ермегі – ашық аспан астында доп қуалау.

8000389B-5B8E-4437-8EC0-3D0BF84502BD

Ауданда 33 шағын футбол алаңы болса, күні бүгінде жаңаша бой түзеуді қажет еткен Бостандық, Қараоба, Қараөзен, Қайыңды ауылдық округтеріндегі жасыл алаңға жөндеу жүргізілді.

Бұл мәселе есеп беру жиындарында тұрғындардың тікелей көтерген мәселесі болатын. Осы жәйтті ескерген аудан әкімі аудандық бюджеттен қаражат қарастырып, осы жылдың мамыр айында жөндеуден өтті.

Қараөзен ауылындағы аталған жұмысты мемлекеттік сатып алу арқылы анықталған «Ислам» жеке кәсіпкерлігі атқарып, ауыл азаматтары қолдау көрсетті. Ал Қайыңды ауылындағы футбол алаңын жөндеуге наурыз айында аудандық бюджеттен 5 млн қаржы бөлініп, сәуір айында порталға жіберілді.

528E0316-E0FD-4217-A30A-DEF6FBE3BDA6

Конкурстың нәтижесінде «Алдияр» жеке кәсіпкерлігі 2 млн. 600 мың теңге қаражатты ұтып алды. Мердігер «Алдияр» жеке кәсіпкерлігі атқарған жұмыстардың нәтижесінде футбол алаңы жаңарып, ауылға ерекше сән бергендей.

Мердігер «Ақжүрек» Қараоба ауылындағы спорттық нысанға 2 млн. 660 мың теңге қаражатқа сапалы жөндеу жүргізсе, Бостандық ауылдық округіндегі алаңның жөндеу жұмысын «Шамғонов» жеке кәсіпкерлігі мен мердігер «Ақжүрек» атқарып жатыр. Жуық арада алаң жаңартылып, пайдалануға берілмек.

Әсем Болат

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале