21.06.2024, 20:00
Оқылды: 167

Су тасқыны кезіндегі ерліктері үшін бірқатар батысқазақстандық азамат мемлекеттік наградарларға ие болды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Президенттің Жарлығына сәйкес су тасқыны кезінде қызметтік және азаматтық борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады,  деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

IMG-20240621-WA0062

Облыс әкімі барша батысқазақстандықтарға су тасқыны кезінде көмек қолын созғандары үшін алғысын білдірді.

IMG-20240621-WA0060

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше су тасқынымен күресуге қол ұшын созған азаматтардың еңбегін жоғары деңгейде атап өткен болатын. Тасқынға төтеп беру жұмыстары барша өңір халқының бірлігінің арқасында жүзеге асты. Сыни сағатта ұйымшылдық танытып, туған өлкемізді аман алып қалу шараларына белсенді қатысқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Нариман Төреғалиев.

IMG-20240621-WA0072

«Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС электр монтері Жанболат Өмірзақов пен «Жайықжылуқуат» АҚ экскаватор машинисі Құмарғали Сапаров ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

IMG-20240621-WA0066

Ал «SAPA90» ЖШС директоры Жасұлан Ешмұхамбетов, Бәйтерек ауданы Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орман инспекторы Дамир Құрманов және «Батыс Қазақстан Сауда» ЖШС техникалық директоры Ахмет Италиев «Ерен еңбегі үшін» медальдарына ие болды.

IMG-20240621-WA0068

Жалпы Батыс Қазақстандық 10 азамат Президенттің Жарлығымен жоғары наградаларға ие болды. 19 маусым күні Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен шарада Қаратөбе ауданы «Нұрқанат» ШҚ жетекшісі Сариев Қалимұрат Серікбайұлына – «Құрмет ордені», Сырым ауданы «Сырым» МКК механизаторы Бақтығалиев Азамат Талғатұлына –, Теректі ауданы «Авангард» ЖШС эксковаторшысы Сапиев Қайрат Хамидоллаұлына – ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, Орал қаласы «№3 Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК жаттықтырушысы Молдашев Ерлан Ермекұлына – «Ерен еңбегі үшін» медалі, Бәйтерек ауданы «Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ күзетшісі– Ысқақов Руслан Жақсығалиұлына– «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталған болатын.

IMG-20240621-WA0056

IMG-20240621-WA0074

IMG-20240621-WA0064

IMG-20240621-WA0058

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале