7.07.2024, 17:00
Оқылды: 82

Жолда жануарды қағып кетсеңіз: не істеу керек, қайда жүгіну керек және қалай көмектесуге болады?

Қазақстанда жыл сайын жабайы және үй жануарлары себеп болатын көптеген жол-көлік оқиғасы тіркеледі. "ҚазАвтоЖол" мұндай жағдайда не істеу керек екенін және қайда жүгінуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto мәліметіне сілтеме жасап.

ЖП ЖОЛ (4)

Ұлттық компания мәліметінше, жануарлардың жолдарда жүруіне бірден бірнеше фактор себеп болады. Олардың ішінде: қорек іздеу, өрістеу, стресс және автомобиль дыбысы мен жарығынан үрку. Сонымен қатар, жұптасу маусымы да себеп болуы мүмкін, олар өздеріне жұп іздейді.

Жолда алдыңыздан жануар шықса не істеу керек?

Жылдамдықты төмендетіңіз: жолда немесе тасжол маңайынан жануарды байқасаңыз, жылдамдықты дереу азайтыңыз. Бұл реакция жасауыңызға уақыт ұттырады.

Алысты көрсететін шамды өшіріңіз: шамның жарығы жануардың көзіне түссе, оны абдыратып қоюы мүмкін. Жақын арақашықтықты көрсететін шамды қолданғаныңыз дұрыс болады.

Тосын маневр жасамаңыз: жануарды жылдам айланып өтуге тырысу, тізгінге ие бола алмай қалу ықтималдығын тудырады. Баяу жүруге тырысыңыз.

Әсіресе ымыртта және түнде абай болыңыз: бұл кезде жануарлар белсендірек болады.

Жануарды қағып кетсеңіз қайда жүгіну керек және қалай көмектесуге болады?

"Полицияға немесе жануарларды құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз. Жануар жатқан жер мен оның жағдайын көрсету арқылы оқиға туралы хабарлаңыз. Мүмкіндігінше алғашқы көмек көрсетіңіз. Оқиға туралы 1403 call-орталығына хабарлаңыз: олар болашақта осындай оқиғалардың алдын алу шараларын қолдана алады, мысалы, ескерту белгілерін қою", - дейді жолшылар.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале