7.07.2024, 17:40
Оқылды: 163

МКК Ресей Федерациясымен шекарадағы ағымдағы жағдай туралы хабарлайды

6 шілдеден бастап Ресей Федерациясы бағытында «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) 200-ге жуық жүк автомашинасы жиналды.

InShot_20240707_173551360Сурет: bqo_mkd

Кептелістің негізгі себебі - Ресей тарапының шекаралық бақылау процестерінің баяулауы.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ресейдің шекара қызметі «Маштаково» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді.

Қазақстандық тарап жағдайды реттеу мақсатында ресейлік тарапымен жұмыс жүргізуде.

Айта кету керек, ЕАЭО елдерімен шекарадағы мемлекеттік кірістер органдары тек тасымалданатын жүктердің мониторингін жүзеге асырады (5-7 минут ішінде), бұл шекарадан өту үшін қиындықтар туғызбайды және автомашиналардың кептелісіне әкелмейді.

Сырым АӨП штаттық режимде жұмыс жасайды.

https://www.instagram.com/p/C9HpVJ2MsPg/?igsh=MWpzaDkwOWV4aXY0ZQ==

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале