9.07.2024, 10:15
Оқылды: 250

«Саламатты Қазақстан» пойызы Бөрлі ауданына келді

Бүгін «Саламатты Қазақстан» пойызының ұжымы Бөрлі ауданына келді. Денсаулық пойызының жұмысы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бастамасы мен қолдауының арқасында жүзеге асып отыр.

0a598ca7-604a-4b37-ac6a-816a983cd6e9

Жылжымалы құрам бригадасының негізгі мақсаты – шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиациялық көмек көрсету және тексеру.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Бөрлі ауданында 2 күн бойы жұмыс істемек.

02c02e50-3b29-4d57-8d9f-658b73c93681

«Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы жұмысының басталуы құрметіне салтанатты шара өтті. Оған облыстық ішкі саясат басқарма басшысы Гүлжанар Шөкеева мен БҚО әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Татьяна Рогозина, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов қатысты.

Медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева және заңгер Айшат Ғаббасова тұрғындарға қандай көмек көрсетілетінін, қызмет көрсету тетігін түсіндірді. Барлық қызметтердің тегін екендігіне назар аударылды. Қажет болған жағдайда мобильді топ та тартылатынын тілге тиек етті.

ea174ef0-89e8-4eec-a5f1-1b73aeae7bae

– Пойыздың төрт вагоны толығымен медициналық құрылғылармен жабдықталған. Бір ерекшелігі біздің ұжым ем алушының медициналық сақтандыруы болуын міндеттемейді. Осыны атап өткім келеді. Ұжымда барлық маман толық қамтылған. Қажетті құрылғылардың барлығы бар. Келіп тегін ем алсаңыздар болады. Егер үйден шыға алмайтын, инсульт алған науқастар болса арнайы барып ем жасайтын, тексеретін бригада қызмет жасайды, - дейді «Саламатты Қазақстан» пойызының бас дәрігері Айнұр Құдайбергенқызы.

a718b0e9-01cb-4c27-bda3-ac267009bfca

Сонымен қатар заңгер Айшат Ғаббасова тұрғындарға құжаттарға, банк қарыздарына байланысты тегін заңгерлік көмек көрсетілетінін және отбасылық мәселелерді сотқа жеткізбей шешу үшін медиатор Салтанат Жаппарова қызмет көрсететінін атап өтті.

«Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы ұжымы тұрғындарды таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін қабылдайтын болады.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале