10.07.2024, 15:00
Оқылды: 215

Оралда аулалар абаттандырылып жатыр

Бүгіндері Орал қаласы аумағындағы аулаларды, скверлер мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. «Аулаларды кешенді абаттандыру»  бағдарламасы аясында өткен жылы 47 аула жаңарып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Биыл тағы 25 аула жаңғыртылмақ.  Жобаның мақсаты – аулаларды асфальттау, сондай-ақ спорт және ойын алаңдарын, шағын сәулет нысандарын жасақтау.

IMG_9152 (1)

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің сөзіншеөңірде барлығы 537 аула бар. 2007-2019 жылдар аралығында оның 300-і жөнделсесоңғы үш жылда тағы 61 аула абаттандырылғанЖобаның басты мақсаты  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде  халықтың қатысуымен кешенді абаттандыруды жобалау  және іске асыру әдісін әзірлеуБұл жобаның артықшылығытұрғындар жобалаушымен бірлесіпоны әзірлеуге тікелей қатыса аладыОсылайшажұртшылықтың жауапкершілігі артыпкөршілер қауымдастығы жанданбақ.

Осындай нысандардың ішінде шаһардағы 4-шағынауданында орналасқан көппәтерлі үйлер барЖоба мерігері  «Жайық  сити» ЖШС.

– Қазіргі таңда біз 4, 5, 6 көппәтерлі үйлердің аулаларын абаттандырудамызЕскі жол жабынынжиектерді ауыстырыпспортқа арналған және балалар алаңқайларын орнатып үлгердікЖұмысшылар жақсы қарқынмен жұмыс істеуденысан жаздың соңына дейін пайдалануға берілмек дейді Абзал  Баделов.

Аулалардан басқақалада скверлерді абаттандыру жұмыстары жүргізілудеОрал қаласында 57 сквер бар, оның 35-і бүгінде жөндеуден өткен.

IMG_9020

– Биылғы су тасқынына байланысты жол жөндеуге қатысты кейбір жобаларды кейінге қалдыруға тура келдіБіз 40 жылдан астам уақыт бойы қайта құруды қажет еткен жобаларды таңдаполарды ағымдағы жылы аяқтауды көздеп отырмызЖоба аясында 24 ауланы абаттандырыпішкі аула аумағын асфальттап, балалар, спорт, футбол алаңдарын орнату және толық жарықтандыру жоспарланды. Сондай-ақ   Саратов тасжолының бойында былтыр жаяу жүргіншілер бульварының құрылысын бастадықнысанды қыркүйекке дейін пайдалануға бермекпізҚазір мұнда төсеніш төсеу жұмыстары жүріп жатыродан әрі спорт және ойын алаңдары орнатыладыЖоба бойынша шағын архитектуралық нысандар мен тоғыз көпір орнату қарастырылған.
Соңғы 15 жыл ішінде Саратов тасжолының бойындағы шағынауданда халық тығыз қоныстаныпкөптеген көппәтерлі тұрғын үй салындыСондықтан жергілікті тұрғындарға осындай демалыс аймағы қажет деп есептейміз дейді Жандос  Дүйсенғалиев.

Бұған қоса қазіргі уақытта Лермонтов алаңын жаңғырту жұмыстары жүріп жатырмердігер ұйымның өкілдері барлық жұмыс уақтылы аяқталады  деп  уәде  етті.

– Мұнда жөндеу жұмыстарын көктемнен бастап қолға алдықҚазіргі уақытта Назарбаев даңғылында орналасқан сквердегі төсемдерді ауыстырып жатырмызБұл  биыл жөндеуден өткен алтыншы скверЖұмыстар кесте бойынша жүруде дейді мердігер компанияның жұмысшысы Жасұлан Ешмұханбетов.

Перизат Баймағамбетова

Орал қаласы

Фото: Мәди Салық
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале