10.07.2024, 17:45
Оқылды: 206

БҚО-да жеті округтегі сайлау қорытындылары талданды

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы 7 шілдеде өткен жеті ауылдық округ әкімдерін сайлауды дайындау мен өткізудің қорытындыларын тыңдады. Бұл туралы БҚО аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.

2C61FFE7-8BDF-4A76-8495-66EB0EEDB40B

ZOOM форматында өткен шараға аудандық аумақтық сайлау комисияларының төрағалары, төрағалардың орынбасарлары және хатшылары қатысты. Отырыста Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Қаратөбе және Теректі аудандық АСК төрағалары Радик Ихласов, Бекбол Жұмабекұлы, Бақытжан Жүсіпқалиев, Арсен Бисенғалиевтер сайлау қорытындылары туралы баяндап берді.

Өткен сайлауда төрт аудандық АСК-мен қатар 19 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді. Осы 7 округтегі сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 48,5%-ы дауыс берді. Дауыс беру күні учаскелерде кандидаттардың сенім білдірген 55 адамы, 4 қоғамдық бірлестіктен 26 байқаушы, 10 БАҚ өкілдері тіркеліп, саяси дода барысын байқады.

AB33C083-110B-4E6F-99DA-AF36CECFCD88

БҚО АСК төрағасы Әділ Жоламанов кандидаттардың үгіт жүргізу кезеңінде және дауыс беру күні түскен ұсыныс пен шағымдарына жедел және толыққанды жауап берілгенін атап өтіп, сайлау заңнамасының қатаң сақталуы, сайлаушылардың сенімі  басты талап екенін айтты.

Отырыста учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, электоралдық кезеңде  сайлаушылармен тығыз жұмыс істеу маңыздылығы кеңінен сөз болды.

Әсіресе, сайлаушыларға сайлау науқандары туралы жан-жақты ақпарат беруі олардың қызығушылығын жандандырып, жауапкершілігін жетілдіретіні айтылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша аудандық АСК мүшелеріне жаңартылған сайлау жүйесінің ерекшелігін түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале