Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыға алмады. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі жазды.
Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен бетпе-бет келді.
Елена матчты тамаша бастады – 4:0. Крейчикова қайыра брейк жасағанымен, есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры сәл кідіргенімен, сетті алды – 6:3.
Екінші партияда есесіне Барбора 5:2 есебімен алға кетті. Ақыры алтыншы сетболын пайдаланды – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Крейчикова брейк жасап кетті – 4:3. Ақыры матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.