12.07.2024, 23:58
Оқылды: 142

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге үй алып берді

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына нақты көмек көрсетуді жалғастыруда.

IMG-20240712-WA0098

Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын.

Бұл ретте Ассамблея шын мұқтаж жандарға көмектесуде. Тұрғын үйлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына, асыраушысынан айырылған, құқық белгілейтін құжаттарында мәселелер туындаған немесе жеке тұрғын үйі жоқ көпбалалы отбасыларға алып беріп жатыр.

Бұл жолы ҚХА мүшелері мен меценаттарының қаражатына Батыс Қазақстан облысында баспанасынан айырылған отбасыға үй сатып алынды.

БҚО Бәйтерек ауданы, Переметный ауылының тұрғындары Сатиев Артур және Беркингалиева Маралдың үйіне су тасқыны кезінде тұрғын үйіне су кіріп, үйлері апатты болып танылып, қазіргі кезде жалдамалы пәтерде күн көруде. Отбасында 3 бала бар. Үй иесі Артур ветиринарлық станцияда күзетші, ал Марал аудандық ауруханасында медбике, екеуі де еңбек адамдары.

Аталмыш отбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық қор аудан орталығынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып беруде.

IMG-20240712-WA0097

12 мыңнан астам ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындар мен құтқарушыларға көмек көрсетіп, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Осы акция аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 миллион теңгеге жуық сомаға 1500 тоннадан астам азық-түлік пен ең қажетті тауарлар жеткізілді. Керекті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Ассамблея мүшелері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, су тасқынынан зардап шеккендерге барынша қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Бұл халқымыздың қандай қиындықта да бірлігі мен ынтымағын ыдыратпағанын дәлелдейді.

БҚО Қоғамдық даму басқармасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале