15.07.2024, 18:58
Оқылды: 541

Бүгін кешке “Кибер-Шериф” іске қосылады

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау туралы ескерту жасады. 

WhatsApp Image 2024-07-15 at 19.33.08

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

"Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Өздеріңіз білесіздер, қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі барлық жерде қылмыспен және құқық бұзушылықпен тиімді күресу үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізуде.

Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті облыс әкімінің қолдауымен адами факторды, яғни сыбайлас жемқорлық қауіптерін толығымен жою үшін жол қозғалысын автоматты басқару жүйелерін кеңейту бойынша тағы бір қадам жасады.

Бүгінгі таңда облыс жолдарында тағы 17 заманауи «Кибер-Шериф» мобильді жүйесі қолданысқа енгізілді.

Бұл жүйелер арқылы шамадан тыс жылдамдықты асырған, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көліктерін, жалған нөмірлермен жүрген көліктерді, қамауға алуға және ұстауға жататын көліктерді автоматты түрде анықтауға болады.

Енді «Кибершериф» жүйесі тек трассаларда ғана емес, Орал қаласы мен Ақсай қаласының көшелерінде тәулік бойы бақылау жасайды.

Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертеміз.

Есіңізде болсын, жолда жүру ережесін бұзған жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылады.

Жолда абай болыңыз!

Сапарыңыз сәтті болсын!"

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале