16.07.2024, 16:16
Оқылды: 227

Бөрлілік әйелдер құрамасы асық атудан облыс чемпионатында І орын иеленді

Шыңғырлау ауданында ұлттық спорт түрлері «бес табан» және «бес асық» асық ату ойындарынан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Қатысқандар қатарында Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Қазталов, Қаратөбе, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының командалары бар. 7 ауданнан қатысқан 65 спортшы тартысты додада бақ сынады.

CD908D27-79EB-4CED-8EBC-BC8E46096045

Чемпионаттың ашылу салтанатына БҚО асық ату федерациясының президенті Айнұр Мырзагереева, Өтеғалиев және бөлім басшысы Олжас Сейтімов қатысты. Салтанатты шара барысында Ақбұлақ ауылдық округінің әдіскері Мейірман Мендалиев пен Сырым ауданының спортшысы Әсет Нығмет республикалық асық ату федерациясының «Алтын сақа» төсбелгісімен марапатталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша ауданымыздың әйелдер құрамасы бес асықтан командалық есеп бойынша І орынды иеленді. Әйелдер құрамасында Рима Бекмұхамбетова мен Альбина Хасановалар болды.

4B08A98E-3506-4763-BB39-00C13BBB5BB3

– Жарыс жоғары жеңгейде өтті. Ауданымыздың атынан шыққан спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Бөрлінің қыздары І орын алып, Ақтөбе қаласында өтетін ҚР-ның чемпионатына жолдама алды. Ойын өте тартысты өтті. Жігіттер жағы алғашқы төрттіктен көрінді. Өкінішке орай, орын ала алмады, - дейді БҚО-ның асық атудан аға жаттықтырушысы Ержан Спортұлы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер БҚО-ның дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале