Бұл жөнінде Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: Орал әкімдігінің баспасөз қызметі
«Қала бойынша төмендегі мекенжайларда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз. 20 шілде күні М.Ықсанов көшесі бойында, 21 шілде күні Зашаған кентіндегі Жәңгір хан көшесі 52Б, Жәңгір хан СҮ алаңында жәрмеңке болады.
Ескеретін жайт, күннің ыссылығына байланысты ет өнімдерін (балық, шұжық, тауық, өзге де ет өнімдері) сатуға рұқсат берілмейді.
Ниет білдіруші кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және қала тұрғындарын шақырамыз!», деп хабарлады әкімдіктен.
zhaikpress.kz