Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі құны 1,2 млрд теңге болатын су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Фото: baribar.kz
4,9 га жерді құрайтын мектеп аумағына, соның ішінде әкімшілік ғимарат, спорт залдары және басқа да нысандарға (7,6 мың м2) А.Мұхамедиұлының жақын туыстарына тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.