19.07.2024, 15:00
Оқылды: 260

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі республикалық спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі құны 1,2 млрд теңге болатын су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

4099D6DF-AA79-44F4-A1DB-89E885884EA7

Фото: baribar.kz

4,9 га жерді құрайтын мектеп аумағына, соның ішінде әкімшілік ғимарат, спорт залдары және басқа да нысандарға (7,6 мың м2) А.Мұхамедиұлының жақын туыстарына тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале