Жаңақала аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың әр айдың үшінші аптасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында бекіткен жоспарына сәйкес аудандық кітапхана ұжымы «Ең ұлы әдебиет» жобасы аясында «Мәдени мұра» топтамасымен жарық көрген кітапхана қорындағы 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» кітабымен «Бабалар сөзі – ақылдың көзі» атты көрме жасақталды.
Оған кітапханашы Жазира Ермекқызы библиографиялық шолу жасады. Шара барысында бір кездері тұрмыста кеңінен қолданылып, бүгінде тек музейден көретін тас диірменнің құрылымы жөнінде кітапханашы Айбарша Мұсақызы, ұлттық тағамымыз – құрттың жасалу әдісімен кітапхананың кітап қорын толтыру және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі Сәуле Төлеуғалиқызы таныстырып өтті.
Кеш соңында «Батамен ел көгерер» демекші, ақ жаулықты аналарымыз балаларға ақ батасын беріп, құрттан шашу шашып, бауырсақ, көже ұсынды.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы