23.07.2024, 17:00
Оқылды: 288

Көктемгі су тасқыны: Оралда 65 жанұяға үй берілді

Биыл елімізде күрделі жағдай қалыптасып, аймақтарда су тасқыны болды. Ұзақ жылдан бері болмаған табиғи апат – су тасқынынан еліміз көп зардап шекті. Алайда  БҚО-да 84 елді мекен су тасқынынан аман қалды.

жп дом 2024 (3)

Үкімет қолдауының арқасында бүгінде зардап шеккен 1 103 отбасыға пәтер берілді. 10 мыңға жуық отбасыға 3 миллиард тенге көлемінде бірреттік әлеуметтік көмек көрсетілсе, бүлінген мүлікті өтеу бойынша қорытынды негізінде 4 568 азаматтың мүліктік шығыны өтелді.

жп дом 2024 (2)

Күні кеше ғана 56 отбасыға жаңа пәтер берілсе, бүгін тағы 65 жанұяға үй берілді. Батысқазақстандықтарға жаңа пәтерлердің кілтін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыс етіп, құттықтады.

жп дом 2024 (1)

– Қала бойынша 374 жеке тұрғын үй салып жатырмыз. Бұлар қаламыздың төрт шағынауданынан қарастырылып жатыр. Жалпы алдағы уақытта екі мыңнан астам отбасыны үймен қамтамасыз етуіміз керек, - деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

жп дом 2024 (4)

Марзия Зеин,

фотоға түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале