24.07.2024, 11:15
Оқылды: 302

Шыңғырлауда еңбектен береке тапқан отбасы тұрады

Бала күнінен үлкендердің жанында жүріп, бау-бақша егудің қыр-сырына қанығып өскен шыңғырлаулық Петр Рудь пен жұбайы Татьяна 2019 жылдан өз қаражаттарымен бақша өсіруді қолға алған. Еңбекқор жанұяның биылғы бақшасы да жайқала өсіп, алғашқы өнімін бере бастапты.

21D027E2-D633-4E02-9A6E-97F9C216B5DD

«Осы жылы 4 гектар жердің әр гектарына қарбыз, қауын, 0,5 гектарына қияр, 0,5 гектарына қызанақ еккенбіз. Сонымен қатар  0,25 гектарлық танаптарға асқабақ, картоп,  жүгері және сәбіз бен қызылша егіп, суды үнемді пайдалану үшін бақшамызды тамшылата суару жүйесіне көшірдік. Бақша өнімі жаман емес. Алайда, ауданымызға сырттан келетін көкөністер көп болғандықтан өсірген өнімдерімізді сатуда бірқатар қиындықтар туындап жататыны бар. Көкөністерімізді көбінесе Ақсай қаласынан тұрақты тұтынушыларымыз келіп алады. Сонымен қатар жақын ауылдарға апарып өткіземіз. Алдағы уақытта шаруашылығымызды кеңейту жоспарымызда бар. Арам шөптерді отауға, жер жыртуға трактордың да қажеттілігі туындап отыр», - дейді Петр Рудь.

Шеттен келген көкөністерге көз тіккенше аудан экономикасын  көтеруге үлес қосып отырған Рудьтердің таза табиғи өнімін тұтыну әлдеқайда тиімді екендігінде сөз жоқ.

Аслан Аманбаев

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале