23.07.2024, 19:00
Оқылды: 196

Жыл басынан бері БҚО-да 7415 бала дүниеге келген

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ БҚОФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылы 6541 жаңа туған нәресте тіркелген.

baby-4309119_1280

Фото: pixabay.com

Айта кетсек, баланың тууы туралы құжатына өтінішті оның ата-аналары нәресте туылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.  Егер ата-аналары қандай да бір себептермен нәрестені тіркей алмаса, бұл қызмет түріне басқа туыстары, қамқоршылары немесе бала туылған кезде анасы болған медициналық ұйымның әкімшілігі өтініш бере алады.

Қажетті құжаттар тізімі: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, егер некеде болса, ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі. Егер тіркеуге қызметті алушының өкілі жүгінсе, нотариалды куәландырылған сенімхат қажет болады.

Сондай-ақ, SMS арқылы өтініш беруге де болады. Егер баланың анасы мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, бала туылғаннан кейін бір тәулік ішінде оған 1414 нөмірінен хабарлама келеді. Сұрақтарға жауап бере отырып, ХҚКО-ға бармай-ақ, туу туралы куәлік алуға өтініш бере алады. Бұл ретте өтінім 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

Өтініш ХҚКО арқылы берілсе, онда баланың тууын тіркеу мерзімі бес жұмыс күнін, ал егер өтініш Электрондық үкімет порталы арқылы жолданса, үш жұмыс күнін құрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале