24.07.2024, 16:30
Оқылды: 89

Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

8D06E6F6-EAC3-4C20-9C8C-F54E93D6EC96

Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан командасының құрамы:

ІІ – Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

ІІ – Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

ІІ – Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

ІІІ – Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

ІІІ – Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.

Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Айта кетейік, IMO математикадан Халықаралық олимпиада әлемдік топ-7 олимпиадалардың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале