24.07.2024, 16:00
Оқылды: 243

Оралдың белсенді жастары жалғызбасты зейнеткерлерге арналған арт-терапия жүргізді

Батыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедек жандар тұратын Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арт-терапия ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

DC9D744D-A3B6-4B5D-957C-2A8F4046DE69
Суреттер: министрліктен

Жас белсенділер психологтармен және суретшілермен бірлесе отырып, орталық тұрғындарына бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Шығармашылық процесс жалғыздықпен күресуге көмектесіп, стресс пен мазасыздықты азайтады дейді мамандар.

45DFCDAA-6DA3-477C-8660-4DC9454FB561

Арт-терапияға қатысушылар туған жерлерінің пейзаждарын, түрлі аңдар мен натюрморттар салды. Айта кетейік, ЖРО өкілдері арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жиі барады. Орталықта олар концерттер мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

5AAAEB90-3303-41BF-9D45-47061D77AB25

Дәл осындай өзара байланыс жас ұрпаққа жауапкершілік сезімін арттырып, жанашыр болуға тәрбиелейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале