25.07.2024, 13:00
Оқылды: 105

«Тарихта алғаш рет»: Түркістан облысында қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасы 4 науқасқа салынады

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота  жасалды. Қайтыс болған жігіттің ағзасы Шымкент, Астана, Алматы қаласындағы 4 науқасқа бөліп берілмек. Бұл жөнінде ҚазАқпарат жазды.

A9D3FE96-CCFE-49A3-95D4-DFD3EB9EC1A4

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді.

Дәрігерлердің сөзінше, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келді. Мәйіттен алынған бауыр, екі бүйрек пен жүрек және өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады.

Мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген. Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаевтың айтуынша, бұл – өңірдегі тарихи оқиға.

«Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтіп жатыр. Бір бүйрек облыстық клиникалық ауруханада қалады. Жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жіберіледі. Бір бүйрегі Алматыға, өкпесі Астана қаласына жіберіледі», - деді Әмірхан Сандыбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале