26.07.2024, 12:30
Оқылды: 108

БҚО-да «AGROFEST BATYS» фестивалі басталды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылы маңында «AGROFEST BATYS–2024» фестивалі өтіп жатыр.

3270E493-0AFE-4DC7-A63F-30A0D173BFEE

Фестиваль үшінші рет өткізіліп отыр. Биыл шаруалар жиыны үш күн өтеді.

Оның ашылу салтанатында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Ербол Тасжүреков, «Respublica» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров, «АгроСервис-Батыс» ЖШС басшысы, фестивальді ұйымдастырушы Армат Бисенов сөз сөйлеп, маңыздылығына тоқталды.

63607A91-49D2-415A-8E84-7CA9BD470C64

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығарып, осы саладағы жалпы өнім көлемін екі есе арттыру жөнінде міндет жүктеді. Ал «AGROFEST BATYS–2024» сала мамандарын біріктіретін таптырмас алаң. Фестиваль барысында кәсіпкерлер мен еңбек адамдары ауыл шарушалығы саласындағы жетістіктерімен бөліседі. Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелден 40-тан астам компания қатысса, 5000-нан астам қонақ келеді деп күтіліп отыр. Батыс Қазақстан облысы аграрлық саланы дамытуға зор мүмкіндіктерге ие индустриалды аграрлы өңір. Шекарада орналасқан облысымыз логистика тұрғысынан өте тиімді. Біздің облыста өсірілген бидай нарықта жоғары бағаланады.

жп агрофест 2024

Асыл тұқымды қазақтың «Ақбас» сиырының, жылқының «Көшім» тұқымының, етті «Еділбай» және «Ақжайық» қой тұқымының отаны деп мақтанышпен айта аламыз. Саны бойынша да республикада алдыңғы қатардамыз. Аталған мал тұқымы еліміздің құбылмалы күн райына бейімделген, жоғары өнімділігімен де ерекшеленеді. Тұқымдарды кеңінен насихаттап, паш етуіміз қажет. «Ақбас», «Көшім», «Еділбай» дегенде біздің өңірге байланысты болатындай дәрежеге жетуіміз қажет, - деді Нариман Төреғалиұлы.

жп агрофест 2024

Шара барысында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген мамандар марапатталды.

жп агрофест 2024 (2)

Дәл қазір шаруалар мал өсіруге қатысты семинарда бас қосып отыр.

жп агрофест 2024 (3)

Бұл жерде тәжірибелі фермерлер өз тәжірибелерімен бөліседі.

Динара Насыр, фотоға түсірген автор
zhaikpress.kz

жп агрофест 2024 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале