26.07.2024, 15:45
Оқылды: 51

Бүгін Париж Олимпиадасының алауы тұтанады

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды іс-шара тарихи оқиғаларға толы болмақ. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

852016BE-AA80-4825-A662-C25497F3CE7D

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта өтеді. Яғни спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтеді. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шығады.

Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадерода аялдайды.

Іс-шараның көркемдік жетекшісі - театр режиссері Томас Жолли. 

Ашылу салтанатына 3000 өнерпаз қатысады, сонымен қатар көрермендер Селин Дион мен Леди Гаганың өнерін тамашалай алады.

Қазақстан жанкүйерлері Олимпиаданың ашылу салтанатын сағат 22:30-да Qazaqstan, QAZSPORT, Jibek Joly және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале