27.07.2024, 16:38
Оқылды: 13

«AGROFEST BATYS–2024»: БҚО-дағы герефорд бұқаларға Дүниежүзілік герефорд кеңесінің бас хатшысы баға берді

Осыған дейін БҚО-ның Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылында «AGROFEST BATYS–2024» фестивалі өтіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

жп техника агрофест

Фестиваль аясында алаңда ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі, концерт, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық бағдарламасы, қазақтың ақбас асыл тұқымды бұқалары арасындағы байқау, жүгері лабиринті, көкпардан аймақтық турнир де ұйымдастырылған.

Шараның алғашқы күні герефорд бұқалардың көрме-байқауы өтті. Оған Тасқала ауданынан «Болашақ», Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округінен «Муса», Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылынан «Ерсұлтан» шаруа қожалығы ақбас бұқаларды алып келген.

жп герефорд акбас (1)

Герефорд тұқымды ірі қара мал көптеген фермер арасында өте танымал және қазігі уақытта ет бағытындағы тұқымдар арасында әлемдік аренада үстемдік етеді. Герефордтың табыны Еуропа континентінде, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Австралияда және Жаңа Зеландияда, Оңтүстік Африкада, Ресейде, Орта Азияда кең таралған. Ет сапасы және жоғары өсу қарқынымен ерекшеленеді. Олар салмағын ұзақ уақыт бойы шамадан тыс майсыз көбейте алады. Қымбат жемді қажет етпейді. Қарқынды өсіргенде бұқалардың орташа тәуліктік өсімі 1100-1300 грамма дейін барады. Ал 12 айлығында салмағы 500 келіге жетеді.

жп герефорд акбас (5)

Қазір Қазақстанда герефорд тұқымды ірі қараның 77 600 басы бар. Елімізде осы тұқымды өсірумен 2800-ге жуық қожалық айналысады. Герефорд тұқымының республикалық палатасында 133 мүше бар. Палата 2012 жылдан дүниежүзілік герефорд палатасына мүше.

жп герефорд акбас (4)

- Еуропаның батысында орналасқан Ирландиядан келдім. Біздің мемлекет Қазақстанға қарағанда 29 есе кіші. Бес миллион адам тұрса, халық 6 миллион 500 мың мал басын ұстап отыр. Мен қырық жылдан бері мал шаруашылығымен айланысып келемін. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен бірге жұмыс істедім. Олар ирландиялық малға ерекше қызығып, Қазақстанға, нақты айтсам Батыс Қазақстан облысына алып келді. Ірі қара жаңа жерге бірден үйреніп кетті. Үш жыл бұрын мені дүниежүзілік герефорд кеңесінің бас хатшысы етіп сайлады. Кеңеске ірі 20 мемлекет кіреді. Олардың қатарында АҚШ, Уругвай, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия, Бразилия, Қазақстан да бар,- деді фестиваль барысында ұйымдастырылған герефорд бұқалардың көрме-байқауында сөз сөйлеген Лари Финни.

жп герефорд акбас (3)

Ұйымдастырушылар Дүниежүзілік герефорд кеңесінің бас хатшысы Лари Финни бұқаларды бағалау үшін Ирландиядан арнайы шақыртқан. Ол бұқаларды сыртқы түрі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқына байланысты бағалады.

Фотоға түсірген: Динара Насыр

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале