29.07.2024, 10:45
Оқылды: 50

Зашаған мен Деркөл кентінде жол құрылысы қалай жүргізіліп жатыр?

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев Зашаған және Деркөл кенттеріндегі жол құрылысының барысын тексерді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

34EE6B77-6D7C-41C1-9532-1E0C14C10947

Сурет: видеодан скрин

Қазір қос кентте де көше жолдарының жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр.

•Зашағандағы Автомобилист шағынауданында жалпы ұзындығы 2,6 шақырым жолға асфальт төсеу жұмысы жүргізілуде. Жанқадамов көшесіне 706 метр жаяу жүргінші жолы салынып, автомобиль жолына асфальт төсеуге дайындық жүріп жатыр. Бұдан бөлек жоба бойынша аталған көшеде арық жүйесін және су өткізу құбырларын орнату қарастырылған. Коминтерн шағын ауданындағы Беляев көшесіне 1,4 шақырым автомобиль және жаяу жүргінші жолы салынып, су өткізгіш құбырлар орнатылып жатыр. Өзен көшесіндегі жолды күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға тәмам. Мұнда жалпы 540 метр жол салынып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ Меловые горки ауылында ұзындығы 2,9 шақырым ішкі орам жолдарының құрылысы басталған.

0126F5B7-77EA-4FCD-8A6A-93F8094B017E

• ⁠Деркөл кентінде Ғ.Мүсірепов көшесінен Зашаған кентіне баратын айналма жолға дейін асфальт салу жұмысы жүргізіліп жатыр. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кентке қарасты Сарыарқа шағын ауданында бірнеше көшеде арық жүйесі орнатылуда. Атап айтқанда, арық жүйесімен Байзақов, Рысқұлов, Бөкей хан, Ғабдуллин, Асанова, Нұршайықов, Мұстафин, Жұбанов, Өмірзақова көшелері қамтылмақ. Салынатын арықтық жалпы ұзындығы - 6,8 шақырым. Сонымен қатар аталған шағын ауданның шетінде су әкету каналын қазу жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның ұзындығы 5 шақырымды құрайды.

710E3493-0EDC-4727-86BF-91EEA861B429

Нысандарды аралау барысында Жандос Дүйсенғалиев мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмысын қарқынды әрі сапалы жүргізуді және жобаға сәйкес мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале