29.07.2024, 12:15
Оқылды: 86

Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

EDEEF47C-D91B-4764-B184-CC0A4909F4D6

Сурет: pixabay.com

Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.

– Оның ішінде ерлер - 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер - 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде.

АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында тұрады.

Айта кетейік, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале