29.07.2024, 17:15
Оқылды: 93

Нысана көздеу: Александра Ле Париж Олимпиадасында алтылыққа енді

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле жекелей сында Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

CE0D71BF-B7C3-4765-AD31-F699E3AEA9E0

Сурет: Olympic.kz

Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден финалға шыққан болатын.

Жарыс ережесі бойынша, төмен нәтиже көрсеткен спортшылар турнирден шыға бастайды.

Александра үшінші мүмкіндіктен соң, жарысты аяқтап,  жалпы есепте 6-орынға тұрақтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале