31.07.2024, 9:30
Оқылды: 192

Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

988C2709-E026-44DD-8B5B-93E03C6DD487

Фотоға түсірген Тұрар Қазанғапов / Olympic.kz

80 келі салмақта сынға түскен спортшы австралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді.

Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, қазақстандық боксшы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале