Тасқала аудан орталығында санитариялық тазалықты сақтау мақсатымен кезекті сенбілік өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақты, көшелерді тазалады.
– Сенбілік қорытындысында аудан орталығынан қоқыс алаңына төрт текше метр қалдық шығарылды. Әр сенбілік өз нәтижесін беріп жатыр. Қазір аудан орталығынан шығарылған қоқыс көлемі азайған. Барлық сенбілікке қатысқан мекеме қызметкерлеріне рақмет! - деді Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуаныш Қабдолда.
Иә, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау – әрбір азаматтың басты міндеті. Сондықтан аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбілік жұмысына барлық тұрғын белсене қатысып, тазалыққа мән берсе екен дейміз.
Назерке Шайхолла
Тасқала ауданы