1.08.2024, 10:00
Оқылды: 23

Тасқалада Азон Шаймарданов шеберлік сағатын өткізді

Тасқала аудан орталығына жерлесіміз Азон Шаймарданов өзінің командасымен келіп, шеберлік сағатын өткізді.

0F722F39-5095-4280-8F70-3C050F74FE33

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған шеберлік сағатында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында отырып ойнайтын волейболдан жолдастық кездесу де болды.

Одан бөлек «боча» ойынының әдіс-тәсілдері көрсетілді. Аталмыш іс-шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бәтима Кентоғаева келген қонақтарға сәттілік тіледі.

B03DE5A0-D202-42C8-90D0-5198BC6762C2

Паралимпиалық спорт түрлерінен шеберлік сағатын өткізген аудан қонақтары шараға қатысқандарға керемет көңіл-күй сыйлады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауы жолында еңбек етіп жүрген Азон Нұрмұханұлы қолдау білдірген тасқалалықтарға алғыс айтты.

Әсет Баян

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале