1.08.2024, 12:45
Оқылды: 10

Казталов ауданындағы Тереңкөл ауылдық әкімдігіне жаңа көлік табысталды

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов ауылдық округ әкімдерінің бағалау көрсеткіштері бойынша үздік деп танылған Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратына жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

CE08FD6C-11A6-4B4D-B6D3-0649BCBF26CA

2023 жылы аудан әкімінің «Ауылдық округ әкімдерінің бағалау көрсеткіштерін бекіту туралы» өкімі шығып, тиісті жұмыстар атқарылған болатын. Аталған өкімде 35 көрсеткіштен тұратын нақты жұмыс жоспары белгіленіп, оның орындалуын бақылайтын арнайы комиссия құрылды.

3CE04814-BA67-4709-828E-D9C5695C54B5

Бағалау нәтижелеріне орай көрсеткіштерді орындау барысында «үздік» деп танылған округ әкімі аппаратына 15 млн теңге, 2-ші болып өз қызметін мінсіз атқарған округ әкімдігіне ауылды дамытуға 10 млн. теңге және 3-ші  орынға 5 млн. теңге аудан бюджетінен қолдау көрсетілді. Нәтижесінде Тереңкөл ауылдық округі жоғары көрсеткіш көрсетті.

E1F8C088-A2F3-4226-8B30-69C7B0441972

– Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған жоба округ әкімдерін жігерлендіреді деп білемін. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың ауданда жүзеге асырылуын бақылау, округтердегі жұмысты жүйелеу, түйткілді мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда Тереңкөл ауылдық округіне 15 млн теңге қаражат бөлінген болатын. Қаражаттың бір бөлігіне қызметтік автокөлік алынса, енді бір бөлігіне Нұрсай ауылына кіреберіс 1 шақырым жолға жарық шамдар орнатуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар сол қаражатқа мәдениет үйі маңындағы саябақ абаттандырылып, Нұрсай ауылындағы қордаланған мәселе күл қоқыс шығару жұмыстары жүргізілуде. Округтің көрсеткішін арттыруға үлес қосқан әріптестеріме, қолдау көрсеткені үшін округ тұрғындарына шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін, - деді Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Сабыржан Ищанов.

Аталған жоба жалғасын табады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале