1.08.2024, 16:00
Оқылды: 17

Оралда тұтынушыларға арналған акция өтті

Оралдағы «Мирлан» орталық базарында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және жеміс-жидектер мен көкөністердің сапасын анықтағысы келетін тұрғындар үшін акция өтті.

4EDBA80E-F77E-4C1E-89D5-B533339F2AB6

– Біз тұтынушыларға арналған мұндай акцияларды жылына бір  рет өткіземіз. Мұнда тұрғын­дар сатып алған өнімдері­нің құрамындағы нитраттар мөлшерін тегін тексертеді. Көбінесе бақша өнімдерінің пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Сондықтан уақытынан бұрын «піскен» бау-бақша дақылдарын тұтыну өте қауіпті. Егер көкөністер құрамында нитрат шамадан артық болса, соңы улануға әкеліп соқтырады. Әрбір көкөніс пен жемістің құрамындағы рұқсат етілген нитрат мөлшері әртүрлі. Мысалы, қарбыздағы нитраттың  шекті рұқсат етілген нормасы – 60 мг/кг болса, қауынды­кі – 90 мг/кг. Сондықтан оларды сатып алғанда абай болған жөн. Жалпы жемістер мен қарбыз-қауындарды арнайы белгіленген сауда орындарынан, базарлардан, дүкендерден алу керек. Әсіресе, жол бойында сатылып жатқан өнімдерді сатып алмаған жөн. Өнімдер бұзылмаған, соғылмаған, езілмеген болуы керек. Қарбыз-қауынды сатып  аларда дәмін татып көру де ағзаға зиян. Оларды мұқият жуып, тазалаған соң жеу керек, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақ­тану орындарын бақы­лау және қадағалау бөлімінің басшысы Әсел Тұралиева.

Бұл іс-шараға Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалының зертхана қызметкерлері де атсалысты.

Акция барысында мамандар бау-бақша дақылдарын жедел әдіспен – нитрометр көмегімен тексереді. Тұтыну­шылар тексерткен қарбыз бен қауын құрамындағы нит­рат  мөлшері қалыпты болды. Алма (15 мг/кг) мен пекин қырыққабатында (50 мг/кг) да мөлшері талапқа сай. Ал нектариннің құрамындағы нитраттың шекті мөлшері 60 мг/кг болса, тексерілген нектариндердегі нитрат деңгейі 74 мг/кг көрсетті.

«Мирлан» базарында орналасқан «Қараөзен» ЖШС зертханасының меңгерушісі Мира Щеблыкинаның айтуынша, базардағы жемістер, бақша дақылдары үш күнде бір рет ни­траттарға тексеріледі. Өнімдер содан кейін ғана саттыққа шығарылады.

Айна Имашева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале